Шымкентке жануарлардың жылжымалы көрмесі келді

543
Шымкентке жануарлардың жылжымалы көрмесі келді

Шымкентке жылжымалы хайуанаттар көрмесі келді. Осылайша алдағы бір ай бойы балаларыңызды ерекше түз тағыларымен жақын таныстыруға мүмкіндігіңіз бар. Көрмеде сирек кездесетін жабайы жануарлар мен түрлі жәндіктер көпшілік назарына ұсынылып отыр.

Сізбен амандасып, халыңызды сұрайтын маймыл мен тотықұсты көргіңіз келсе, хайуанаттар көрмесіне барыңыз. Шымкентке Дағыстаннан жануарлардың жылжымалы көрмесі келді. Мұнда жылан, жәндік және құстармен жақын танысуға болады.

Андрей Иванов, экскурсия жүргізуші: «Жануарлардың барлығы үйретілген. Олардан қорқудың қажеті жоқ. Адамға шабуыл жасамайды. Келушілер жылан, маймыл мен құстарды ұстап суретке түсуде.»

Дағыстанның Махашкала қаласынан экзотикалық хайуанаттардың 35 түрі Шымқалаға жеткізіліп отыр. Маймылдың бірнеше түрі мен құстың 22 түрі, кесіртке, кеміргіштер көрмеге қойылған.

Көрмедегі хайуанаттың барлығы да қолға үйренген. Бірінші күннен-ақ келушілерден тыным болған жоқ дейді ұйымдастырушылар. Ерекше хайуанаттар бағы Колос шағынауданында, Молдағұлова көшесі пен Республика даңғылының қиылысындағы «Эмиль» сауда орталығында орналасқан. Көрме 26 наурызға дейін демалыссыз жұмыс істейді.

Гүлжан Байназарова