Жылу берушілер тұтынушыларға туған қолайсыздық үшін кешірім сұрады

488
Жылу борышкерлері сот алдында жауап беруі мүмкін

Шымкенттің жылу таратушылар өздерінен қателік кеткенін мойындап, тұтынушылардан кешірім сұрап отыр. Бұған себеп – «Қуат жылу орталық-3» мекемесінің қаңтарда таратқан түбіртегі тұрғындарды шатастырып, әуре-сарсаңға салды. Түбіртектің дәл бірыңғай төлем құжатымен тұспа-тұс келгенін мекеме басшылары төлемнің ай сайын жүргізілетінімен және «3-Энергорталық» жеткізген жылуға қарызды өтеу мақсатында қолданылған шара дейді.

«Қуат жылу орталық-3» мекемесінің абоненттік бөлімінің қызметкері кеңсеге келгендерге түбіртектегі төлем бойынша түсініктеме беруде. Оның себебі, соңғы уақытта жылудың ақысын ай сайын төлеп келген тұрғындар неліктен түбіртекте қарыз деп жазылғанын түсінбей дал.

Бақыт Өмірзақ, тұрғын: «Менің келген мәселем – қарыз, қарыздар деп жаза береді. Ал мен барлығын уақтылы төлеп жүрмін.»

Бірыңғай төлем құжатын алған тұрғындар түбіртектегі тұтынған жылуға қатысты «Қуат жылу орталығы» енгізген сомаға аң-таң. Жылыту маусымы басталғалы төлемдерді үзбей төлеп келген тұтынушылар жылу берушілердің мұндай жаңалықтарынан шаршадық дейді.

«Бірыңғай төлем құжатын алған бойда «Энергопотокқа» келдім. Жылуға екі айға келіпті, ол аздай, қарызым бар екен. Ол қайдан шыққан қарыз? Жалпы, 15 мың төлеуім керек екен. Ондай ақшам да жоқ. Сондықтан коммуналды төлемдерді төлемей, анық-қанығына жету үшін, «Қуат жылу орталығына» бара жатырмын.»

Ал жылу берушілер газ таратушылар алдындағы қарызын өтеу үшін жанталасуда. Сол үшін жылдың ақысын ай сайын жинауға көшкен «Қуат жылу орталығының» басшылығы тұрғындардан кешірім сұрайды.

Жауапты мамандар түбіртектерді таратпас бұрын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа түсіндірмегендері қателік болғанын мойындайды. Алдағы уақытта жылуға қатысты өзгерістер болса, міндетті түрде телеарналар не басылым бетінде хабардар етеміз деп уәде берді.