Сарыағаш тұрғыны жүзінші көктемін қарсы алды

481
Сарыағаш тұрғыны жүзінші көктемін қарсы алды

Сарыағаш ауданының тұрғыны биыл жүзінші наурызын қарсы алып отыр. Берекелі ауылында тұратын Қалдыгүл Асанова ұзақ өмір сүрудің сыры – салауатты өмір салты мен тынымсыз еңбекте дейді. Өңірге жасалған баспасөз турында тілшілер әжейді көктем мерекесімен құттықтай барды.

Сарыағаш тұрғыны жүзінші көктемін қарсы алды

9 ұл-қызды дүниеге әкелген, 48 немере, 130 шөбере, 41 шөпшектің үлкен анасы биыл 100-ші көктемін қарсы алып отыр. Ұлыстың ұлы күніне тұспа тұс келіп отырған туған күнін өзінен өрбіген әулетімен тойлауда. Қос ғасырдың куәсі Қалдыгүл Асанованың еңбегін ел біледі. Сұрапыл соғыс жылдарында белі қайысып, қара жұмыстың қақ ортасынан табылған батыр ана бүгінде бейнеттің зейнетін көріп отыр.

Ширек ғасыр бұрын отағасынан айрылған Қалдыкүл ана үшін бұл жағдай әрине ауыр тиген-ді. Тағдыр тауқыметіне мойымастан перзенттерімді қанаттыға қақтырмай, тұмсықтығы шоқтырмай өсірдім дейді. Жоғары білімді ұл-қыздарының арасында шенді-шенеуніктері де бар. Жүздің жүзін көрген әжей келіндеріне де дән-риза. Әлі күнге дейін иліп сәлем салып жөн-жосықтан жаңылмайтыны тәнті етті.

Ғасыр құрдасы әлі тың. Жастайын еңбекке дағдыланған әжей іс тігіп, кішкентайларға бас-көз болып отырады. Сындарлы кезеңдерді бастан кешірген Қалдыгүл Асанова бейбіт күнге шүкірлік етеді.

Мақпал Рысбаева