Биыл Шымкентте 42 үй жөнделеді

362
Тұрғындар:

Таяудаалтыншы шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының кезекті он бесінші сессиясы өтті. Сессияға депутаттар, әкімдік қызметкерлер мен БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Күн тәртібінде барлығы 19 мәселе қаралды. Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің есебі туралы баяндама жасаған қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов «Өңiрлерді дамыту-2020» бағдарламасының орындалу барысы жайлы мәлімет берді.

– «Өңiрлерді дамыту-2020» бағдарламасы шеңберінде 2011-2016 жылдар арасында 110 үй күрделі жөнделіп, жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам қаржы қаралған. Биыл тағы 42 үй жөнделеді, – деді баяндамашы.

Сондай-ақ, күн тәртібіне сәйкес, қаладағы қоғамдық көлік саласының өзекті мәселелері жайлы сөз қозғалды. Қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртайдың айтуынша, қаланың шалғай Ынтымақ, Қазығұрт, Мирас, Текесу, Бадам-2, Айнатас, Жаңаталап, Ақжар, Ақтас, Өтеміс, Абдулабад, Достық-2, Асар-2 шағынаудандарында қоғамдық көлік бағыттарының жұмысын ұйымдастыруда қиындықтар болған.

– Сондықтан, аталған шағынаудандарға баратын әлеуметтік маңызы бар автобус бағыттарының жұмысын ұйымдастыру мақсатында «Шымкент bus» компаниясымен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар 10 бағыттың қозғалыс сызбалары дайындалып, бекітілді. Әлеуметтік маңызы бар бағыттарды айқындау жұмыстары біткен соң «Шымкент bus» компаниясына жаңа автобустар алып беру жоспарлануда.

Күн тәртібінде қаралған мәселелерге мәслихат депутаттары бірауыздан қолдау танытты.