Шымкент – ТМД елдерінің 2020 жылғы мәдени астанасы

737

Өзбекстан астанасы Ташкентте ТМД елдерінің сыртқы істер министрлер кеңесінің кезекті мәжілісі өтті. Басқосудың күн тәртібінде 16 мәселе талқыланды.  Оның негізгілері:  ислам мен христиан діндері және өзге де діни конфессия өкілдерін кемсітушілікке жол бермеу, қазіргі заманғы қауіп-қатарлерге қарсы бірлесіп күресу жайы.

Жиында «ТМД елдерінің мәдени астанасы» бағдарламасын жүзеге асыру туралы да шешім қабылданды. Осы құжатқа сәйкес енді 2018 жылы Арманияның Горис қаласы, 2019 жылы Белорусияның Бресті, ал 2020 жылы Қазақстан жағынан Шымкент шаһары ТМД мәдени астанасы мәртебесіне ие болады.

Кездесу соңында Орта Азия мемлекеттері өзара ынтымақтастық туралы бес жақты меморандумға қол қойды.