Төреқұлов көшесі жабылады

557
Шымкентте көшелерді жөндеу басталды

Шымкентте 22 сәуірден бастап Төреқұлов көшесінің Қазыбек би және Диваев көшелерінің аралығы жабылады. Бұл жайында қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары мәлімдеді.

Жауаптылардың айтуларынша, көшедегі көлік қозғалысы бір айға жабылмақ. Осылайша жолдың бұл бөлігінде қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Жоспар бойынша құрылыс кезең-кезеңімен осы көшенің Жібек жолы көшесіне дейінгі бөлігінде атқарылады деп күтілуде. Қазір дайындық жұмыстары аяқталып келеді.

Нұрлан Күдерұлы