Кентауда жаңа электр желісі тартылуда

925
Кентауда жаңа электр желісі тартылуда

Кентауда жалпы ұзындығы 11 шақырымды құрайтын жаңа желі тартылуда. Арнайы оқшауланған сым шаһар маңындағы Хантағы ауылын да жалғап жатыр. Сонымен қатар 11 трансформатор қондырғысы жаңалану үстінде. Бұл – «Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілігі шектеул серіктестігінің инвестициялық бағдарламасы аясында атқарылып жатқан ауқымды жұмыс болып отыр.

Жаңа бағаналар мен арнайы оқшауланған желінің тартылып жатқанына әсіресе, Хантағы ауылының әлеуметі ерекше қуанышты. Жарты ғасыр бойы ақтүтек боран мен Қаратаудың қара желіне шыдас берген ағаш бағаналардың тозығы жетіп, алмастырылып жатыр. Ауылдың ақсақалдары сол кезеңді көз көргенін айтады. Ендігі ауыстырылып жатқан жаңа бағаналар мен желілер елді мекенге берілетін қуат сапасын едәуір жасқартатынына сенімді.

Кентауда жаңа электр желісі тартылуда

Дегенмен, энергетиктердің еңбегіне келетін кедергі де бар. Қаратаудың қатпар бойын жағалай орналасқан ауылдың тастақ жеріне бағаналар орнату адам тұрмақ, техниканы біраз терге салып жатыр. Бірақ он сайманын сайлап алған энергетиктер үшін бағындырмайтын белес жоқ.

Ал Кентаудың өзіндегі шаһар ішілік трансформаторлардың биылғы жоспарға алынғаны түгелдей жаңартылып бітті. Тіпті, жаңа бағаналар мен желілер де тартылып қойған. Енді абоненттеу ісі де аяқталуға жақын.

Кентауда жаңа электр желісі тартылуда

Енді Хантағы ауылындағы ауқымды жұмыс осы маусым айының соңында аяқталып қалады. Елдімекенді жалғап жатқан 4 шақырымға жуық жерге 141 жаңа темір бетонды бағана орнатылуда. Ол үшін 6 техника мен 15 жұмыс күші жұмылдырылған.

Мақсат Жақсыбайұлы