Шымкенттің бірқатар ауданында су өшіріледі

288

Шымкент тұрғындары мен қала қонақтарының назарына! Қаланың бірқатар шағынаудандарында су өшіріледі. Шымкент әкімдігі «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС-мен бірге жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты су берудің тоқтатылатынын ескертеді.

Сонымен, 8 маусым түнгі сағат 23:00-ден 9 маусым таңғы сағат 06:00-ге дейін су беру мына шағынаудандарда өшіріледі: Сайрам, 18, 17, 16, Жоғарғы Отырар, Төменгі Отырар, Наурыз, Спорт қалашығы, Күншығыс, Теріскей, Тараз шағынаудандары және Қазыбек би көшесі.