Шымкенттің мұғалімдері тест тапсырды

1173
Шымкенттің мұғалімдері тест тапсырды

Шымкенттің мұғалімдері тест тапсырды. Сынақты мұғалімдердің кәсіби біліктілігін, ой-өрісін кеңейту мақсатында қалалық білім бөлімі ұйымдастырып отыр. Балалардың демалысында қолға алынған шара барысында қаладағы 130 мектептің 14 мыңға жуық мұғалімі өз білімдерінің деңгейін анықтауға мүмкіндік алады. Тест қорытындысы бойынша ең үздік көрсеткіш көрсеткен мұғалімдер облыстық және республикалық деңгейде өтетін тестке қатысады. Ал ең төмен балл жинаған мұғалімдерге сынақтан қайта өтуге мүмкіндік беріледі.

Тестілеу орталығында бүгін кәсіби деңгейлерін сынаған мұғалімдердің арасында Шымкенттегі №1 мектептің ұстаздары да бар. Орыс, қазақ тілі, жалпы жаратылыстану пәндері бойынша дәріс беретін мұғалімдер белгіленген 1 сағаттың ішінде оқу бағдарламасынан алынған 30 сұраққа жауап беруі тиіс.

Шымкенттің мұғалімдері тест тапсырды

Гүлмира Ысқақ, №1 жалпы орта мектептің мұғалімі: «Сұрақтар оқулықтардан алынған. Барлығына жауап беруге тырыстым. Бірақ, Амстердамдағы ең ірі әуежай және Шымбұлақтың биіктігі жөнінде сұраққа дұрыс жауап бермеген сыңайлымын. Енді интернетке кіріп, біліп аламын.»

Мұғалімдер бұл сынақ ой-өрісімізді кеңейтіп, жан-жақты болуымызға оң әсерін тигізеді дейді. Қалалық білім беру бөлімі берген мәліметке жүгінсек, тест тапсыруға Шымкенттегі 130 мектептің 14 мыңға жуық мұғалімі қатысады. Айта кететін жайт, дене шынықтыру, еңбек және бастауыш сыпыптардың ұстаздары тестке қатыспайды.

Шымкенттің мұғалімдері тест тапсырды

Жанат Тәжиева, қалалық білім беру бөлімінің басшысы: «Тест қортыындысының мұғалімдердің жұмысына еш әсері болмайды. Ең жоғары балл жинағандар облыстық, республикалық деңгейдегі өтетін тестлеуге қатыса алады. Ал ең төмен жинаған мұғалімдер қайта тапсыруға мүмкіндік алады.»

Бүгінде пән мұғалімдеріне қойылар талап жоғары. Балалардың да білімге деген ынтасы биік. Сондықтан ұстаздардың кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіру – заман талабы.