Оңтүстікте «Connection point» қызметін 1 миллионға жуық азамат пайдаланған

386
Оңтүстікте мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын бастады

Оңтүстік Қазақстан облысында 33 халыққа қызмет көрсету орталығы қызмет көрсетеді. Сонда 2017 жылдың 10 айында 5 миллионға жуық қызмет көрсетілген. ХҚКО-ның бөлімдерінде азаматтар мемлекеттік қызметті өздігінен алу үшін «Connection point» (өзіне-өзі қызмет ету секторы) жүйесі жұмыс атқаруда. 10 айында бұл қызмет түрін 1 миллионнан астам азамат пайдаланыпты. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің директоры Еркебұлан Әлсейітов мәлімдеді.

Оңтүстікте «Connection point» қызметін 1 миллионға жуық азамат пайдаланған

Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға да мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету жұмыстары жалғасын тауып келеді. Мәселен, І және ІІ топ мүгедектігі бар адамдар мемлекеттік қызметтерді үйлерінде алып отыр.

– 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ХҚКО-ның бөлімдері азаматтардың үйлеріне бара отырып 5 мыңға жуық қызмет көрсетті. Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында сөйлеу және есту қабілеті бұзылған азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетуде жаңа сервис пайда болды. Бүгінде өңірдегі ХҚКО-да сурдоаударма тілін меңгерген 89 маман жұмыс істеуде, – деді Еркебұлан Асанбайұлы.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жылдың басынан бірнеше жаңа пилоттық жобаны іске қосқан. Ондағы мақсат – қызмет алушының уақытын үнемдеу. Мәселен, пилоттық жоба негізінде жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтауға және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге, сондай-ақ бала тууды тіркеу мен соттылық туралы анықтама алуға мүмкіндік туады.

Сонымен қатар, қазіргі таңда «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы ХҚКО-мен бірлесіп, дайын құжатты үйге жеткізу қызметін көрсете бастады. Енді фронт офистері жоқ елдімекен тұрғындары аудан орталықтарына бармай және мобильді ХҚКО қызметкерлерін күтпей-ақ, 70-тен астам мемлекеттік қызметті ала алады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі