Шымкентте қызғалдақ пен шырша егілуде

280
Шымкентте қызғалдақ пен шырша егілуде

Күн райының қолайлылығын уақтылы пайдаланған коммуналшылар бір миллион түп голланд қызғалдағын егуге кірісіп кетті. Естеріңізге салар болсақ, өткен жылы қыс айында Шымаһар көшелеріне 460 мыңға жуық түрлі-түсті қызғалдақ отырғызылған болатын. Ал ерте көктемде олар гүлдеп, қаланың көшелерін шырайландырып, көпшіліктің көз қуанышына айналып үлгерді.

Енді сол қызғалдақ саны екі есеге көбейеді. Бұдан бөлек Арғынбеков көшесіне «ЛТД тұрмыс» мекемесінің жұмысшылары бойы 2-3 метрге жететін қырым қарағайын отырғызып жатыр. Өткен жылы бұл мекеме қала көшелеріне 4800 қылқан жапырақты ағашты отырғызған. Соның 360-ы жерсінбей қайта отырғызуға тура келіпті.

Нұрлан Күдерұлы