Шымкентте 1,3 миллион түп қызғалдақ егілді

684
Шымкентте 1,3 миллион түп қызғалдақ егілді

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентте 1,3 миллион түп қызғалдақ тұқымы егілді. Қыстай қар астында жатып, ерте көктемде қаланы сұлулықпен көмкеретін голландиялық гүлдерді отырғызу жұмыстары аяқталуға жақын. Былтыр дәл осындай қызғалдақтың 700 мың түбі егілген болатын. Биыл олардың саны екі есеге көбейіп отыр.

Шымкентте 1,3 миллион түп қызғалдақ егілді

Гүл тұқымын егу жұмыстары қаланың орталық көшелерінде сәулетшілер мен суретшілердің бірлесіп сызған эскизіне сай егілуде.

Шымкентте 1,3 миллион түп қызғалдақ егілді

– Біз егіп жатқан гүлдер келесі жылдың көктемінде, яғни сәуір айынан бастап гүлдейтін болады. Негізінен Голландиядан әкелген гүлдің сұрыптарын отырғызып жатырмыз. Сары, қызыл, көк, алқызыл, күлгін секілді 6 түрлі түс бар. Егер күтімі мен баптауы жақсы болса, қалаға ерекше сұлулық сыйлары сөзсіз, – дейді көгалдандыру компаниясының өкілі Сұлтанхан Ахметов.

Шымкентте 1,3 миллион түп қызғалдақ егілді

Күзде егілген гүлдер көктемде толық жайқалып өскен кезде ұлттық нақыштағы оюлар мен геометриялық фигураларды тамашалауға мүмкіндік тумақ.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі