Жаңаталап ауылында жаңа медициналық бекет салынуда

366
Жаңаталап ауылында жаңа медициналық бекет салынуда

Түлкібас ауданындағы шалғай ауылдағы тұрғындар енді орталыққа сабылмай, медициналық көмекті тұрғылықты жерінде алатын болды. Жаңаталап ауылындағы замануи жабдықталған фельдшерлік-акушерлік тірек пайдалануға келер жылы беріледі деп жоспарлануда. Ал қазір құрылысы қарқын алған.

Бетонның қоспасы арнайы дайындалған жерге түсірілуде. Құрылыс заты қатып қалмас үшін осындағы жұмысшылар оны тез жайып, бекітуде. Жобалық-сметалық құжатқа сәйкес фельдшерлік-акушерлік тірек құрастырылмалы әдіспен салынады.

Осыған дейін жаңаталаптықтарға медициналық көмек мына ыңғайластырылған ескі үйде көрсетіліп келген. Ауыл әкімінің мәлімдеуінше, тозығы жеткен әрі жабдықталмаған тіректе мамандар көп тұрақтамайтын. Енді денсаулық сақтау басқармасына тиесілі ғимаратты жас мамандарға баспана ретінде қалдыруға әрекет жасауда.

Жаңаталап ауылында жаңа медициналық бекет салынуда

Медициналық көмек қажет болған жаңаталаптықтар облыс орталығына сабылмайтын күн жақын. Жаңа медициналық тіректе қажетті ем-домын алады.

Ауылдағы ағайынның тұрмысы жылдан жылға жақсарып келеді. Көшелерге асфальт төселген, үйлері табиғи газбен жылытылады, сапалы ауыз суы келіп тұр. Тәуелсіздігіміздің арқасында ел қатарлы өмір сүрудеміз дейді Жаңаталап ауылының тұрғындары.

Шынар Оразова