Кәсіптік білім мекемелерінің облыстық чемпионаты басталды

427
Кәсіптік білім мекемелерінің облыстық чемпионаты басталды

Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстанның 3.0 жаңғыруы: бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды жаңғырту» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім мекемелері өндірісті шеберлерінің облыстық чемпионаты басталды. Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан чемпионатқа 36 білім ұйымынан 186 қатысушы өтініш білдірген. «Көрме» орталығында өткен іс-шараға аудан, қала әкімдері, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер палатасы, білім мекемелері, кәсіпорын басшылары мен бизнес өкілдері, оқушылар мен олардың ата-аналары, сонымен қатар мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты.

Кәсіптік білім мекемелерінің облыстық чемпионаты басталды

Чемпионаттың ашылу салтанатында сөз алған Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

Кәсіптік білім мекемелерінің облыстық чемпионаты басталды

– Бүгінгі таңда елімізде индустриалды инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы іске қосылды. Оны жүзеге асыру үшін жаңа үлгідегі өндірістік желілерін ашу және жоғары білікті шебер мамандарды қалыптастыру талабы қойылған болатын. Сондықтан да бүгінгі чемпионаттың маңызы мен мәні өте зор. Шараның мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің уақытпен ілесе отырып, өз ісін білетін және жақсы көретін білікті мамандармен қамтамасыз ету» – деді Ұласбек Сәдібеков.

Кәсіптік білім мекемелерінің облыстық чемпионаты басталды

Айта кетейік, 2017 жылы облыстық бюджет есебінен 11084 адам, республикалық бюджет есебінен 4584 адам, барлығы 15668 адам баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру аясында техникалық, технологиялық және ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету салалары бойынша білім алуда. Ал нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 4584 студент білімін жетілдіруде.

Кәсіптік білім мекемелерінің облыстық чемпионаты басталды

Аталған сайыс жеңімпаздары алдағы уақытта Қазақстанда өткізілетін Worldskills – 2018 чемпионатына қатысуға мүмкіндік алмақ. Егер өңір студенттері Қазақстан құрама командасының мүшелігіне еніп жатса, 2018 жылы Ресейдің Қазан қаласында өтетін халықаралық сайыста бақ сынайтын болады.

Кәсіптік білім мекемелерінің облыстық чемпионаты басталды

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі