ОҚО қаржы басқармасының басшысы тағайындалды

599
ОҚО қаржы басқармасының басшысы тағайындалды

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыстық қаржы басқармасының басшысы лауазымына Әбдірахман Тасыбаев тағайындалды. 

Әбдірахман Батырбекұлы 1977 жылы 4 мамырда туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша инженер-экономист.

Еңбек жолын 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының  бас маманы болып бастаған. 2002-2011 жылдары ОҚО қаржы және коммуналдық меншік департаментінің бөлім бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі басқарма бастығының орынбасары, Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты тексеру комиссиясының бөлім  меңгерушісі болып еңбек еткен.

2011 жылдың қыркүйек айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымын атқарып келді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі