Шымкент қаласы әкімдігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

770
Шымкент қаласы әкімдігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

Шымкент қаласы әкімдігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды. Қала әкімінің өкімімен бұл лауазымды Нұрбек Бақтыбайұлы Бадырақов атқарады. Шаһар басшысы Нұрлан Сауранбаев аппараттың жаңа басшысының жұмысына сәттілік тілеп, жаңа міндеттер жүктеді.

Шымкент қаласы әкімдігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

Нұрбек Бақтыбайұлы 1988 жылы ОҚО Шардара ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Су ресурстары және суды пайдалану, ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі және заңгер.

Еңбек жолы ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасында жетекші маманнан басталып, түрлі жылдар аралығында басқарма басшысының орынбасары лауазымына дейін атқарып келген. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің аппаратында қызмет атқарған.

2017 жылдың қаңтарынан бүгінгі таңға дейін ауыл шаруашылығы министрлігінің агро-өнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ОҚО аумақтық инспекциясының басшысы қызметін атқарды.