Шымкентте конкурдан ашық біріншілік өтті

525
Шымкентте конкурдан ашық біріншілік өтті

Нұрилә Тұрысбек — конкурдан спорт шеберіне үміткер. Оның сәйгүлікті тізгіндегеніне көп болған жоқ. Дегенмен, осыған қарамастан бойжеткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына нормативті орындап шықты.

Енді 2018 жылдың қаңтар айында жерлесімізге жолдама берілуі тиіс. Ал оған дейін спортшы ару шеберлігін шыңдауда. Әр жарыста перзентін қолдау үшін Нұриләнің анасы арнайы келеді. Бүгін де ол қызының ептілігін трибунадан бақылап отыр.

Қазақстан тәуелсіздігі күніне арналған ашық біріншілікте шымкенттіктермен бірге Алматыдан келген қонақтар да қатысты. Биылғы маусымды қорытындылайтын турнирге Оңтүстіктің барлық жеткіншектері алаңға шығып отыр. Олар дайындықтарын байқап, келесі жылға дайындығын бастайды.

Жарыс бір күн бойы өтті. Конкур спортының мемлекеттік бапкері де біздің шаһарымызға арнайы келген.

Мерекелік жарыста спортшылар жүлдесіз қалмады. Сыйлықтарға болған конкуршылар осымен биылғы маусымды ресми түрде жабық деп жариялады.

Сарбиназ Алдабергенова