Тәуелсіздік мерекесіне орай ауыл тұрғындары марапатталды

473
Тәуелсіздік мерекесіне орай ауыл тұрғындары марапатталды

Туєан жерге тағзым. «Нұр Отан» партиясының мүшесі, ауыл биі Оразәлі Кенжебеков жерлестеріне құрмет көрсетті. Белсенді азаматтының ұйымдастыруымен Шымкенттегі № 102 мектепте салтанатты кеш өтті. Ел егемендігінің 26 жылдығына арналған іс-шара аясында ауыл тұрғындары марапатталды. Салтанатты кешке «Нұр Отан» партиясының Оңтүстіктегі филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов та қатысты.

Салтанатты кеш мектеп оқушыларының еліміздің әнұранын орындаумен басталды. Одан кейін осыдан 26 жыл бұрын тәуелсіздіке қол жеткізген Қазақстанның тарихи сәттері бейнеленген көріністер қойылды. Әсіресе, 1986 жылғы 16 желтоқсандағы оқиғадан көрсетілген үзінді көптің көзіне жас үйіртті. Сайрам тұрғын алабының тұрғындары көп ұлтты. Олар «Мен Қазақстанның азаматымен» деп мақтанады. Көкіректерін кернеген мақтаныш елге деген сүйіспеншіліктерін арттыруда.

Тәуелсіздік мерекесіне орай ауыл тұрғындары марапатталды

Бұл елдімекен тұрғындары осындай тарихи іс-шараларды жиі өткізеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдап, елдегі барлық мерекені атап өтуді әдетке айналдырған. Ауыл арасында спорт жарыстары жиі өтіп тұрады. Оған «Нұр Отан» партиясының өкілдері де қатысады.

Бүгінгі іс-шарадағы тағы бір ерекшелік – 4 ауылдың 100 жаңа есімі анықталып, туған жерінің өркендеуіне үлес қосқандарға құрмет көрсетті. Арнайы марапатталып, аға буынның ел мақтанар әрекеттері жас ұрпаққа үлгі ретінде көрсетілді.

Тәуелсіздік мерекесіне орай ауыл тұрғындары марапатталды

Жасыратыны жоқ, еліміздің тәуелсіздік мерекесіне орай жер-жерлерде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылғанымен, ауылдағы ағайын қалыс қалып жатады. Ал бұл жиында, керісінше, ауылдықтар ардақталып, елге сіңірген еңбектері өзгеге үлгі етілді. Бір тудың астында достықты ту еткен көп ұлтты ауыл, болашақтарының баянды болғанын қалайды. Сондықтан Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүретіндерін, ел азаматы екендерін мақтанышпен айтады.

Нұрлан Күдерұлы