Шымкентте ер адамның мәйіті табылды

335

Шымкентте 18-ші шағынауданда көлік гараждарының арасынан өлі адаамның денесі табылған. 28 қаңтар күні аулада ойнап жүрген балалар тапқан ең алдымен.

Анық болғаны, марқұм 1974 жылы туған бұрын сотты болған азамат екен. Еңбекші аудандық ІІБ қызметкерлері күдіктінің ізін суытпай тапты. Күдікті Қайнарбұлақ саяжайында жасырынған. 1990 жылы туған күдікті азаматтық некеде тұратын әйелінің үйінде марқұммен бірге спирттік ішіп, көңіл көтерген.

Кеш соңында кикілжің туындап, күдікті бөтелкелесін өлтіріп тынады. Түнгі 3:00 шамасында гараждардың маңына апарып, құммен көміп тастаған. Қазір тергеушілер істі егжей тегжейлі тексеруде.