Орталық саябақ қайта жаңартылмақ

852

Бір ғасырға жуық тарихы бар орталық саябақ биыл көктемде адам танымастай өзгермек. Аумағы 8 гектарды құрайтын демалыс орнында бүгінде орындықтар мен қоқыс тастайтын құтылар жаңартылып жатыр. Сондай-ақ, мұнда 15 кісіге арналған 3 тапшан да қойылады.

Саябақта бүгінде 56 орындық пен бірнеше құтылар алмастырылып үлгерген. Ең бастысы, бұл өзгерістер саябаққа серуендеп келгендердің көңілдерінен шыққан. Еліміздегі үшінші мегополис атанған Шымкент қонақтары да көбінде осы саябақты аралайды. Сондықтан, көптен бері жаңаланбаған тұстардың ескерілгені дұрыс-ақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәліпбек Әлжанов, Орталық саябақтың меңгерушісі: «Орындықтардың ағаштары ауа райына төзімді арнайы материалдан жасалған. Бірнеше жылға шыдайды. Ескіріп жатса бір-екі жылда бояуға болады».

Ал ескі орындықтар мен құтылар қайта жөнделіп, қала сыртындағы демалыс орындарына, этносаябаққа және жаңадан қолға алынған шатқалдарға қойылады деген жоспар бар. Орталық саябаққа келу ыңғайлы болғандықтан қалалықтардың сүйікті орнына айналған, сондықтан, мұндағы жаңалықты көпшілік қуана қабылдады.

Ағаштардың да отырғызылғанына алды 100, кейінгілеріне 50, 60 жыл болған. Жыл сайын мұнда жүздеген жас дарақтар жерсіндіріледі. Көктемде алуан түрлі гүлдер жайқалып тұрады. Былтыр саябақта 40-тан астам қылқан жапырақты ағаштар мен 25 аққайың егілген болатын.

Нұрлан Күдерұлы