Шымкенттің мұғалімдері облыстық олимпиадада жүлдегер атанды

616

Шымкент қаласының  мұғалімдері облыстық педагогтар арасында өткен пән олимпиадасында жүлдегер атанды. Айта кетейік, бұған дейін қаладағы мұғалімдер арасында пәндік олимпиада өткен болатын. Білім сайысына шаһардағы барлық мұғалімдері 13 пән бойынша қатысты.

Соның нәтижесінде әр пән бойынша жеңімпаздар анықталып, облыстық олимпиадаға жолдама алған. Облыстық мұғалімдер олимпиадасына Шымкент қаласынан 13 жеңімпаз педагог қатысып, оның 12-сі жүлделі орындарды қанжығасына байлады.

Шымкент қаласының ұстаздары арасынан екі мұғалім 1-орынды иеленсе, 5 ұстаз  – 2-орынға, ал тағы 5 мұғалім 3-орынға ие болды.

shymkent.gov.kz