«Караоке клубы» ашылды

772

Төлеби ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сінде аудан жастарына арнайы орталық жанынан «Караоке клубы» ашылды. «Ғарыш» кинотеатрында ашылған клубқа жастар көп жиналды.

Жалындаған жастардың басын жиі қосатын мұндай орталықты ашудағы басты мақсат – бос уақытты тиімді пайдалану, ұлттық музыкалық мұрамызды насихаттау және жастардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру. Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

«Өнерліге есік ашық» атты тақырып аясында караоке жанды дауыста ән айтуға ұласты. Еліміздің жарқын болашағы мен келешегі үшін жастардың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашып, білімді де өнерлі ұл қыздарын тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Іс-шара 2 – кезең бойынша жүзеге асырылды.

1-ші кезеңде өз қалаулары бойынша әндерін орындау, 2-кезең бойынша Шәмші Қалдаяқовтың әндерін орындаудан сынға түсіп өз бақтарын сынап, қызықты әрі тартысты өтті. Іс-шара соңында жастар тарапынан қызығушылықтарын білдіріп, алдағы уақыттарда өз жалғасын табатынын айтып тарқасты.