Шымкентте «100 жаңа есім» жобасына енген Сырым Ертаевпен кездесу өтті

740

«Туған жерді түлету – перзенттік парыз». Шымкенттегі жастар ресурстық орталығында еліміздің «100 жаңа есім» жобасына енген тұлға, кәсіпкер, «Қайып ата» ЖШС директоры Сырым Ертаевтың жастармен кездесуі өтті.

Басқосу Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында атап көрсетілген «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы аясында өтті. Өңірдің әлеуметтік ахуалының жақсаруына атсалысып жүрген кәсіпкер Сырым Махамбетұлы өмір жолы мен кәсіпке қалай келгенін баяндады. Жастарды талмай еңбектенуге шақырды.

Жалынды жастарды өзінің ерік-жігерімен баурап алған кәсіпкер жиындағы көпшілікті қызықтырған сауалдары мен ұсыныстарына жауап берді. Кәсіп ашуға ниетті жастарды қолдайтынын, тәжірибе аламын деуші кез келген жанға бар көмегін аямайтынын айтты.

shymkent.gov.kz