Заттыбек көкпар өткізді

874

Биыл Бәйдібек ауданының құрылғанына 90 жыл толмақ. Осыған орай ауданда бүгінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Күні кеше Ақбастау ауылының атырабында Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ауданның 90 жылдық мерекесіне орай сазгер, «Ақмаржанның» авторы, әнші, Заттыбек Көпбосынұлының демеушілігімен туған жеріне ат шаптырып, көкпар өткізді.

Көкпар ойыны басталғанға дейін Ақбастау атырабына арнайы сахна орнатылып, еліміздің эстрада жұлдыздары Ғазизхан Шекербек, Асхат Тарғын, Абай Бегей, Ернар Айдар және Рысдәулетовтер отбасылық ансамбілі әннен шашу шашты.

Ауданның әнұранына айналған «Алғабасым» әнін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, ауданның Құрметті азаматы, танымал әнші және сазгер Нышан Төлегенов орындады. Ауданның 90 жылдығымен құттықтаған елімізге танымал айтыскер ақын Аманжол Әлтаев өзінің арнауын арнады. Арнайы ұйымдастырылған шара қызықты болып, ал көкпар өте тартысты өтті.