«Жастардың 80 пайызы отбасын сақтап қалса бұл үлкен жетістік»

664

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы облыстық Әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Жандосова:

– Әйелдер кеңесінің негізгі мақсаты не, қандай бағытта жұмыс істейді?
– Республикалық әйелер кеңесі 1991 жылы құрылған. Ал облыстық кеңесте жұмыс істегеніме екі жылға аяқ басты. Негізі басты мақсат, бағыттары көп. Біз негізгі деген төрт бағыт бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бірінші бағыты – іскер әйелдерді қоғамға дайындау, екіншісі әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау, үшіншісі – жастармен жұмыс істеу, төртіншісі – қамқорлық акицияларын өткізу. Іскер әйелдердің ассоциациясы бар, саясаткер әйелдердің клубы бар. Солармен бірігіп, үлкен оқыту курсын өткіздік. «Басшы әйелдер» мектебін аштық. Әр ауданнан 200 -дей әйел оқыды. Бірінші сатыны оқып бітірді. Сертификат алды. Сабақ барысында өзін өзі қалай ұстау, адамдармен қалай сөйлесуді үйренді, психологтармен жұмыс істеді. Осыған орай үш орталық – Шымкентте, Түркістанда, Сарыағашта ашылды. Екінші бағытта профилактикалық жұмыс жүргіздік. Жоғары оқу орындарындағы қыздармен жұмыс жасадық. Өзін қалай күту керек, денсаулығын сақтау жөнінде әңгіме өрбіттік. Үшінші бағытқа келсек, бір кездесуде облыс әкімі «неге жастар кәсіпкерлермен кездесіп, тәжірибе алмаспайды?» деп айтқан болатын. Осының арқасында «Сәрсенбілік сәтті сұхбат» атты жоба ойлап таптық. Бүгінге дейін 9 кездесу өтті. 27 спикермен кездесу өтті. Мүгедек жас кәсіпкерлер бар, өзі кәсібін ашқандар бар. Одан бөлек әр саладан спикерлер шақырдық. Жастар өз сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық кездесулер өтті. Осы жылдың бірінші сұхбатын өткіздік. Жастар қашан кезлдесу өтеді деп сұрай бастады. Жастар кәсіпкерлермен тығыз қарым қатынаста болады.
– Тек кездесіп қана қоймай, ары қарай нәтиже үшін жұмыс істейсіздер ғой?
– Ия… Бүгінгі күні жастар арасында ажырасу 50 пайызға артып отырғаны белгілі. Зейнеп Ахметовамен кезесу барысында жастар ресурстық орталығында «Шаңырақ» кулубын аштық. Сол жерде психологтармен кездестіріп, қазақтың келіні қандай болуы керек екендігі жөнінде әңгіме өрбіттік. Бір айдан кейін яғни, оқу бітіргеннен кейін сертификат бердік. 100 қызды оқыттық. Олар тұрмысқа шыққананн кейін 80-і отбасын сақтап қалса ол үлкен жетістік.