«Достық мектебі» ауылдарды аралап жүр

781

Кішкентай көрермендердің көзайымына айналған облыстық қуыршақ театры қала тұрғындары мен балаларға арнап 4 күн бойы өз қойылымдарын тамашалатты. Театр сахнасында қазақ және орыс тілдерінде қойылымдар көрсетіп, балақайларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Бұдан бөлек театрдың қазақ труппасы Төлеби ауданының Көксайек ауылындағы Мәдениет үйіне арнайы атбасын бұрды. Мархабат Байғұттың «Достық мектебі» атты қойылымын ауыл тұрғындары мен балалар тамашалап, бір марқайып қалды. Қойылымды тамашалауға келген ата-аналарда балаларды қуыршақ театры өнерімен сусындатқан ұжымға шексіз ризашылықтарын жеткізді.

Театрдың бас әкімшісі Ерғали Абдихадировқа ауыл атынан мекеме басшысы үстіне шапан жауып, театр ұжымына, әртістерге алғыстарын білдірді.