Су өшіру туралы ақпарат жалған болып шықты

487

Ватсап әлеуметтік желісі арқылы тараған су тазалау жұмыстары туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Сәуірдің 9-10 жұлдызында су тарату жүйесінде заласыздандыру жұмыстары жүргізіледі, 24 сағат бойы су жүйесі тазартушы хлормен толтырылады. Сұйық хлорлы суды пайдалану адам ағзасына қауіпті. Сондықтан да су ішуге болмайды» делінген ақпараттың барлығы да жалған болып шықты.

Шымкент қаласы мен Оңтүстік үшін еш қатысы жоқ. Шымкенттің коммуналшылары мұндай хабарлама таратпаған болып шықты. Су тазарту жұмыстары үздіксіз, зиянсыз жүргізіледі дейді «су ресурстары маркетинг» ЖШС директорының орынбасары Мұхтар Сыдықов.