«Тазалыққа мән бермейтіндер көп»

675

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің жұмысшысы Мамура Өтешова:

– Әрбір күнгі жұмыс уақытыңыз қалай басталады?
– Тағы 4 -те оянамыз. Сағат 5:20-да автобуысымыз келеді. Соған үлгеруім керек. 6-да жұмыс бастаймыз. Оқушылар мектепке, басқалар жұмысқа баратын кезге дейін аялдаманың айналасын, көшені тазалап үлгеруіміз керек. 6 күн жұмыс істейміз, бір күн демалыс.
– Жалақыларыңыз қанша?
– Жалақымыз 54 мың теңге.

– Қыстың суығында, шілденің аптап ыстығына қарамай тазалық үшін жұмыс істейсіздер. Әкімшіліктен, басқалай да үстемақылар болса деген көрермендердің тілегі бар. Сіз үш баланың анасысыз. Ата – ененің қас қабағына қарау да оңай емес. Өзіңіз қандай келінсіз?
– Енем қонаққа барғанда мені ойлап отыратынын айтады. Менің шәйімді сағынады. Балаларымды ата – енем тәрбиелеп отыр. Соған рахмет. Басқа балаларға қарағанда кемпір шалдың тәрбиесін көрген балалар басқаша болады ғой. Әулетімізде үш келінбіз. Мен кенже келінмін. Қара шаңырақта отырмыз. Абысын ажындарыммен тату тәтті тұрамыз. Үлкен абысыным Алматыда, бірі Сарағашта. Үнемі телефонмен хабарласып хал жағдайымызды біліп тұрамыз. Балаларымның сабағына қарап, әңгімелесуге уақыт табуға тырысамын.
– Қаланың тазалығына жауаптысыздар. Жасаған жұмыстың нәтижесі болуы керек қой. Қалалықтардың тазалық мәдениеті қалай?
– Жарнаманы жапсырмаса, тазалық сақтаса дейміз. Еңбегімізді бағаласа дейміз.
– Сол еңбекті бағалайтындар бар ма?
– Ия бар. Тазалық үшін рахмет айтатындар бар. Қыстың күндері қар тазалап жатқанда студенттердің көмектескен кездері де болды. Жұмысыңыз ауыр екен деп қолқабыс етеді. Балмұздақтың, кәмпиттің қағазын көшеге лақтырып кететіндер көп. Қоқыс жәшігіне тастаса дейсің. Бірақ тазалап жатқаныңды көріп тұрып көшеге тастайтындар бар. Ондайларға ренжисің, әрине. Көзге көрінбейтін жұмыс қой.