Темекінің шоғы алып зауытты күлге айналдырды

562

Темекінің шоғы алып зауытты өртке орады. Шымкентте «Электроаппарат» зауыты түгі қалмай жанып кетті. Куәгерлердің айтуынша, сол маңдағы қызметкерлер темекі шоғын өшірмей, кәсіпорындағы май тұрған бетонға лақтырып жіберген. Қызыл алау шарпыған кезінде жұмысшылар іште болған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 10 минут ішінде келіп жеткен. Төтеншеліктер қызыл алауды әрең дегенде бір сағатта өшірді. Өртті ауыздықтау үшін 45 өрт сөндіруші мен 8 техника жұмылдырылған. Қызыл алау шарпыған кезде жұмысшылар кәсіпорынның ішінде болған. Олар әрең дегенде сыртқа шығып, аман қалды. Абырой болғанда өрттен зардап шеккендер жоқ. Бірақ зауыттың түгі қалмай жанып кетті.