ХҚКО-на келген тұрғындар тегін медициналық тексеруден өтті

545

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметіне жүгінетін халықтың қарасы үнемі қалың. Сондықтан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ХҚКО-на келген тұрғындарды тегін медициналық тексеруден өткізді.

Нақтырақ айтқанда, 124 адамның қан қысымы тексеріліп, 142 адамға дәрігер кардиологтар кеңес берді. Бұл іс шара «Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес» күніне орай өткізілді.

Жалпы алғанда мұндай іс – шара аясында облыс бойынша 55 893 адам қамтылуымен, -5078 іс-шара өтті.