Ішімдік соңы қылмыс…

Tengrinews.kz

Шымкенттегі Баян Батыр көшесінің тұрғындары түн ортасында көмек сұраған жанның жаң айқайынан оянды. Ондағы жеке тұрғын үйлердің бірінде белгісіз азаматтар бір біріне суық қару жұмсаған.

Мұнда спирттік ішімдік ішіп отырған екі азамат бір-бірімен сөзге кеп қалған. Нәтижесінде ішімдікке сылқия тойған азамат пышақ алып бірге ішкен досын пышақтап тастаған. Ауыр жарақат алған жанды жедел жәрдем қызметкерлері лезде ауруханаға жеткізді.

Күдіктіні полицейлер бірден қамауға алды. Енді олар оқиғаның қалай болғанын анықтайтын болады.