Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов тұрғындармен кездесті

651
SN.kz

Астанада Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың тұрғындар алдында есеп беру кездесуі болып өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі . Кездесу барысында министр ағымдағы жылғы елдегі криминальдық жағдай және ішкі істер органдары жедел-қызметінің нәтижелері туралы есеп берді.

Сондай-ақ, құқық бұзушылықтардың алдын алу, есірткі бизнесі және нашақорлық, қылмыспен күрес, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде құқықтық тәртіп пен заңдылықты сақтау, пробация қызметін дамыту, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, сонымен бірге өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың нәтижелері туралы жан-жақты баяндады.
Министр өз сөзінде өткен жылмен салыстырғанда қылмыс саны біршама азая түскеніне арнайы тоқталды. Ағымдағы жылы еліміз бойынша жалпы қылмыс саны 12%-ке төмендеген. Соның ішінде ауыр, орташа және аса ауыр емес қылмыс түрлері, тонаушылық, ұрлық, бұзақылық пен зорлық, қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыстық құқық бұзушылықтар саны азайған.

Барлық мүдделі органдар мен ұйымдардың бірге жұмылуы нәтижесінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында үлкен жұмыстар жүргізілуде. Соның нәтижесінде соңғы 5 жылда жасөспірімдер арасындағы қылмыс санын тұрақты азайтуға қол жеткізілген.

Қайта қылмыс жасаушылықты болдырмау мақсатында алдын алу жұмыстары ұдайы жүргізіледі. Министр сөз арасында ІІМ-нің қылмыстық-атқару жүйесі түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілерді бостандықтағы өмірге дайындау бағытында да көп жұмыстар атқарып жатқанын тілге тиек етті.

Колонияларда 54 мектеп бар, онда сотталғандар орта білім ала алады. Олар 48 кәсіби колледжде жұмысшы мамандықтарына оқытылады және қылмыстық-атқару жүйесінің өндірістік кәсіпорындарында металл және ағаш өңдеу өндірістері, құырылыс материалдарын шығару, тігін бұйымдарын және басқа да тауарларды өндіру жұмыстары жолға қойылған.

Қоғамдық тәртіпті бақылау бейнебақылау жүйелерін енгізбей жүргізу мүмкін еместігін атап өтті өзінің сөзінде министрлік басшысы. Бүгінде қала көшелерінде 6 мыңнан астам бейнекамера орнатылды (Астанада – 795, Алматы – 156). Әрине, бұл жеткілікті емес. Бірқатар өңірлерде «Қауіпсіз аула» бағдарламасы табысты енгізілуде, оның ішінде 40 мыңнан астам аула алаңдары мен үйлердің кіреберістеріне бейне бақылау камералары орнатылды.

Жолдарда тәртіп орнату жергілікті полицияның тиімді жұмысы істеуіне тікелей байланысты. Тек осы жылдың өзінде 1 млн.-нан астам жол-көлік оқиғасының жолы кесілді. Олардың үштен бір бөлігі жолдарға орнатылған бейне бақылау жүйесінің көмегімен анықталды.

Қ.Қасымов, сондай-ақ, электрондық әкімшілік өндірісінің сынақтан өткізілгеніне және алдағы уақытта полиция қызметіне енгізілетіні туралы айтты. Ол үшін полиция қызметкерлерін кезең-кезеңмен дербес планшеттермен қамтамасыз ету жоспарлануда, олардың көмегімен хаттамалар толтырылып, құқық бұзушыларды және олардың көліктерін ІІМ базасының көмегімен тексеру жүрігізілетін болады.

ІІМ көші-қон легін бақылауды күшейтті. Өткен жылы елімізде 2,5 млн.-нан астам шетелдік болып қайтса, сондай мөлшердегі шетелдік азамат біздің еліміз арқылы өткен. 20 елдің азаматтары үшін визасыз келу тәртібі енгізілді, 45 елдің азаматы 30 тәулікке дейін визалық рәсімдерсіз және тіркеусіз жүре алады. Осындай жағдайлар полициядан көші-қон режимінің сенімділігін қамтамасыз етуді және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылды күшейтуді талап етеді деп қорытындылады сөзін министр.

Қалмұханбет Қасымов ІІМ көрсететін мемлекеттік қызметтердің (39 түрі) сапасына толық тоқталды және оның жақсарғанын атап өтті. Сондай-ақ жекелеген қызмет көрсету түрлерінің мерзімдері қысқарғанын баса айтып өтті. Халыққа қызмет көрсетулердің басым көпшілігі ХҚКО арқылы жүргізіледі, ал көлік құралдарын тіркеуге қатысты қызметтер арнайы ХҚКО арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен өңірлерде арнайы Көші-қон қызметін көрсету орталықтарын құру жоспарланған, бұндай пилоттық жоба Астанада қолға алынды.

Министр халықпен өткен кездесуінде ІІМ-нің маңызы бар саласының бірі – халықты, аумақтарды табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау болып табылатынын атап өтті. Бұл жұмысты азаматтық қорғаныс бөліністері, әкімдіктер, ТЖ ескерту және жою жөніндегі өңірлік комиссиялар бірлесіп атқаруда.

Ішкі істер министрі жұртшылықпен өзара ашық іс-қимыл жасасу саясаты туралы әңгімеледі. Бұған Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің және ІІД жанындағы консультативтік-кеңес беру органдарының, сондай-ақ өңірлік департамент басшылары мен учаскелік полиция инспекторларының халықпен тұрақты түрде кездесуінің ықпалы мол.

Сөз соңында министр есептік кездесуге қатысушылардың сұрағына, сондай-ақ өңірлерден келіп түскен сұрақтар мен министрліктің арнайы «Call-орталығына» келіп түскен сұрақтарға жауап берді.