ОҚО тұрғындары 300-ден астам қару тапсырды

828

10 сәуірден Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруы, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізілуде, – деп хабарлайды ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы. Акцияның басты мақсаты – атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдану арқылы құқықбұзушылық пен қылмыстарды алдын алу болып табылады. Акцияны өткізуге республикалық бюджеттен 17 миллионнан астам теңге бөлінді.

Акция басынан бері облыс көлемінде 196 азаматпен 322 дана отты атыс қаруы, оның ішінде 47 ойық, 283 дана тегіс ұңғылы қару және 1 ойық карабин мен 1 дана жарақатты тапанша ішкі істер органдарына өз еркімен тапсырылды.

Арнайы құрылған комиссияның қажетті рәсімдерін жүргізгеннен кейін 13 миллион теңгеден астам сомаға қаруды сатып алу туралы 251 шешім қабылданды.
Өз кезегінде ОҚО полицейлері заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер, жарылғыш заттарды ақшалай сыйақыға өткізгісі келетін тұрғындарға кез келген қала, аудан ішкі істер бөліміне арыздана алады. Тұрғындар арыздарында өзі

туралы мәліметті, өткізіліп жатқан қару түрлерін, маркасын, калибрін, қарудың нөмірін, оқ-дәрілер саны мен оларды алу көздерін (сатып алу) көрсету керек.