Арыс қаласында тіркелген қайғылы жағдай 77 жастағы кейуананың өмірін қиып кетті. Қарт кісі өз үйінде тірідей өртеніп кеткен.
Оқыс оқиға жетінші шілде күні түскі уақытта орын алған. Алдын ала болжам бойынша, үйдегі жатын бөлмедегі электр сымдарынан ақау шығып, бірден өрт шарпыған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтағанымен, қарт кісіні аман алып қала алмады. Оның денесі өлі күйінде жатын бөлмедегі көрпе-төсектің арасынан табылған.
«Жеке тұрғын үйде жатын бөлмеде 4 ш.м. көрпе-төсекте азаматшаның мәйіті табылған. Өрттің шығу себептері анықталуда. Оқиға орнына ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ-ның 9 қызметкері, 2 дана техникасы, полиция қызметінің тергеу тобынан 12 қызметкер, 2 техника жұмылдырылды»-деп хабарлайды Түркістан облысының ТЖД баспасөз қызметі.