Кентау қаласы аумағының шекаралары бекітілуде

666
Облыс мәслихатының тұрақты комиссиялары мәжілісі өтуде

Түркістан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы өтуде. Халық қалаулылары сессия алдын, облыс бюджетіне енгізілетін өзгерістерді талқылап жатыр. Өйткені, Шымкенттің мәртебесі өсіп, мегаполиске айналды.

Ал өңірдің орталығы ауысқалы жұмсалатын қаржылар пысықталуда. Нәтижесінде, биыл облыстық бюджет 9 млрд. теңгеге қысқартылып, жалпы көлемі 522 млрд. теңгені құрапты. Қазына қаржысын санап шыққан тұрақты комиссия мүшелері, Түркістан, Кентау қалаларының шекарасын өзгерту турасындағы ұсынысты тыңдады.

Арман Абдуллаев депутаттарды жобамен таныстырды

Арман Абдуллаев, Тұркістан облысының аппараты  басшысының орынбасары: «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық-құрылысы туралы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы ҚР Заңының 11 бабының 2 тармақшасына Түркістан облысы Түркістан мен Кентау қалаларының шекараларын өзгерту. Түркістан ауданынан 12 ауылдық округ Кентау қаласының аумағына өтуде. Осыған сәйкес, кеншілер қаласының аумағы 721745 гектарге ұлғайды».

Жоба бойынша Кентау қаласы аумағына Түркістанның 12 ауылы кірген. Яғни, Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшайық, Иассы, Ораңғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерінің және Ащысай ауылы аймағының айналасында бос жатқан жер кенді шаһардың шекарасына кірмек. Аталған шешім алдағы облыс мәслихатының сессиясында бекітілсе, онда құжат аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.

Шынар Оразова