Тілсіз жаудан зардап шеккендерге көмек көрсетілмек

478

Күні кеше Сарыағаш ауданы Жемісті ауылдық округі Тың елді мекенінде төтенше жағдай орын алып, тілсіз жау – өрт 4 үйді шарпып, жанып кеткен болатын. Оқиға орын алған жерге аудан әкімі Қ.Абдуалиев және орынбасарларымен арнайы барып, зардап шеккен отбасылармен кездесіп, үйлерін қайта қалпына келтіру жұмыстарына көмек беретіндіктерін жеткізді.

Сондай-ақ, аудан басшылары осыдан 3 күн бұрын төтенше жағдай орын алып, өртке оранған Көктерек кентіндегі «Арман» шипажайына да барып, қол ұшын беру мақсатында демеушілер арқылы көмектер беруді ұйымдастыратындықтарын жеткізді.