Келес ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді

1286

Жаңадан құрылыған Келес ауданында жағымды жаңалықтар көбеюде. Білім күні қарсаңында Келес ауданында 200 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ошақты ауылдық округіне қарасты Қаратал елді мекеніндегі білім ұясының ашылу салтанатына Келес ауданының әкімі А.Есбаев қатысып, барлық ата-аналар мен мұғалімдерді, ең бастысы – оқушыларды айтулы оқиғамен құттықтап, оқу ордасының лентасын қиды.

Құрылысы 2017 жылдың тамыз айында басталған білім ұясының құрылыс жұмыстарын «Лидер-НК» ЖШС-гі жүргізіп, сапалы әрі сәнді етіп аяқтап отыр. Мектеп ғимараты толықтай заманауи үлгіде салынып, қажетті керек-жарақтармен қамтамасыз етілген.