Арыс қаласында «Сoworking» заманауи білім орталығы ашылды

456
«Сoworking»

Түркістан облысы Арыс қалалық «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мекемесі жанынан қала тұрғындары мен жастарға арналып «Сoworking» заманауи білім орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Заманауи білім орталығының ашылу салтанатына «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдасов, Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев, «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Қалиев, қала әкімінің орынбасарлары қатысты.
«Сoworking» орталығы – кез-келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, арнайы тақырыптарда дөңгелек үстелдер, семинарлар мен тренингтер ұйымдастыруға, шахмат, дойбы ойнап, қолөнер бұйымдарын жасауға зор мүмкіндік тудырып, орталыққа келушілердің бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуге арналған мекен болмақ.