Түркібасы әулие кесенесі қайта жөндеуден өтті

1908

Түркістан облысының киелі жерлері тізіміне Түлкібас ауданынан 4 орын енген болса, соның бірі – түбінде тұнық суы бар Түркібасы әулие кесенесі. 2004 жылы салынған тарихи ескерткіш Қаратау мен Алатаудың төс түйістірген тұсында, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан.

    Кезінде хандардың ордасы болған деседі. Киелі орынға қайта жөндеу жұмыстары жасалып, 90 жылдық торқалы тойдың мерекелік бағдарламасы барысында салтанатты түрде лентасы қиылды.

Лентаны қиған ауданың тумасы , академик Оразалы Сәбден мен «Тіл жанашыры», «Құрмет» белгісінің иегері Асылы Осман сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстарға ризашылықтарын білдірді.

Асылы Осман, Қоғам қайраткері, «Достық» және «Парасат» ордендерінің иегері:  «Дархандығы даласынан дарыған, тектілікке бабасынан жарыған қазағым бүгінде өркениетті елдің қатарына кіріп отыр. Түлкібастай мекені бар қазақ елі бақытты. Ауданның гүлденіп, түрленіп отырғанын көріп, төбеміз көкке жетіп отыр. Мұның барлығы біріншіден, қазақ деген халықтың кеңдігінен, екіншіден, Елбасының сарабдал саясатынан, үшіншіден Түлкібастың сүйем жері сүйкімді, қадам жері қасиетті топырағында өмір сүріп жатқан азаматтарға байланысты. Барша баланы бауырына басып отырған түлкібастықтар бірліктің, татулықтың арқасында кешегі тар заманнан шығып, бігінгі кең заманға нық қадам басып отыр. Той құтты болсын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын».

Салтанатты шарадан соң жиналған қауымға түскі ас беріліп, ата-баба рухына құран бағышталды.

Киелі орыннан шыққан қауым М. Дулати атындағы «Мәдениет үйіне» жол тартты. Күн ұзаққа созылған мерекелік шараға өңір басшысы Жансейіт Түймебаев та ат басын бұрып, той иелерінің қуанышына ортақтасты. Мерейтойға орай облыс әкімі мәдениет үйінің жанында ақ халатты абзал жандарға жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстап, ауру-сырқау болмасын деп тілек білдірді. 

Әлия Әділбек