Туған інісін пышақтап өлтірді

466

Бауырлар арасындағы жанжал кісі өлімімен аяқталды. Оқыс оқиға Созақ ауданы, Сызған ауылында орын алған.

Үйіне ішіп келген інісін тыныштандырмақ болған ағасы, байқаусызда пышақ тығып алады. Сөйті, 47 жастағы азамат оқиға орнында қаза болады. Туыстары аудандық ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер марқұмның өмірін аман алып қала алмады.

Туған бауырын пышақтаған ағасы бірден полицияға келіп, өз кінәсін мойындаған. Оның үстінен ҚР ҚК -нің 99 бабы 1-ші бөлігімен, «Қасақана кісі өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалған.

«Созақ аудандық соты айыпталушыны тергеу кезінде екі айға қамауға алу туралы санкция берді» деп хабарлайды Созақ аудандық сотының судьясы Бегжан Сағынтаев.

Жанар Есенбекова