Өз әйелін пышақтап өлтірген экс – прокурор 11 жылға сотталды

329

Шымкент қалалық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотында өз әйелін өлтірді деп айыпталған экс – прокурорға қатысты сот үкімі шықты. Сот үкімімен бұрынғы прокурор он бір жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, осы жылдың мамыр айында жоғарғы оқу орнында жұмыс істейтін әйелін экс- прокурор пышақтап өлтірген еді. Туған күніне құттықтай келген ерлі – зайыптылар арасында туындаған дау осылай қанды оқиғамен аяқталған болатын.

Сотқа дейінгі тергеп, тексеру кезінде бұрығы прокурор өз кінәсін мойындап, өкінетіндігін айтқан. Тіпті тергеу изоляторында өз – өзіне қол салмақ та болған. Бұл туралы судья Әбинұр Қарабаев мәлімдеді. Сотталушы ҚР ҚК – нің 99 бабы, 1-ші бөлігімен қасақана кісі өлтру бойынша кінәлі деп танылды. Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Жанар Есенбекова