Аулалар абаттандырылуда

409

Шымкент қаласына қарасты Абай ауданында көпқабатты үй аулаларын абаттандыру жұмыстары басталды. Сала мамандарының айтуынша, ауданда барлығы 216 аула бар. Оның елуге жуығында балалар ойын алаңшалары жоқ. Әрі абаттандыру жұмысы жүргізілмеген.

Биыл 180 млн. теңге қаражат бөлініп, 10 ауланы көркейту жұмыстары басталған. Тағы 15 спорт алаңшасына жобалық-сметалық құжаты даярланып, үш алаңша салынуда. Ал құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан аулаларға заман талабына сай ойын элементтері мен орындықтар мен қоқыс құтылары қойылады.

Сондай-ақ, аяқжол төселеді. Көпшіліктің сұранысы бойынша көлік тұрақтары да қарастырылыпты. Нысандардағы жұмыс желтоқсан айының соңына дейін аяқталады.

Нұрлан Күдерұлы