Күзгі жиын-терім жұмыстары аяқталуға жақын

310

Жетісай ауданында күзгі жиын-терім жұмыстары аяқталуға жақын. Бүгінде қырманға 123 мың 189 тонна мақта түсті. Ал гектар берекелігі 25,2 центнерді құрап отыр. Қазір жетісайлық шаруалар мақтаның екінші терім жұмыстарын жалғастыруда.

Жалпы биыл Жетісай ауданында 839 гектарға қырыққабат егілсе, одан 30701,2 тонна өнім алынған. Оның 80 пайызы шетелге экспортталыпты. Сондай-ақ, ауданда биылғы жылы 15019,2 гектарға бақша өнімдері отырғызылған.

Ал одан алынған өнімнің жалпы көлемі 426159 тоннаға жетіпті. Мәселен, 8621,7 гектарға қауын, 6397 гектарға қарбыз егілсе, оның 30 пайызы шетелге экспортталған. Бұдан бөлек, Жетісай өлкесінде майлы дақылдар, көкөністер толығымен жиналып алынды.

Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі