KK-Kiunsen компаниясы Бәйдібек ауданында күн электр станциясы жобасын жүзеге асырмақ

361

Күні кеше Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Мейіржан Беріков Астана қаласында өткен «Жаңартылатын энергия көздерін дамыту» Қазақстан-Корей ынтымақтастығы атты форумға қатысты.

Форум аясында Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов мен KK-Kiunsen атты Корей инвестициялық компаниясының президенті Джон Енг Сун арасында меморандумға қол койлады. Жоба құны – 15 миллион доллар.

Сонымен қатар, KK-Kiunsen компаниясы мен ЖШС «РФЦ» арасында жаңартылатын күн сәулесі арқылы өндірілетін электр энергиясын 15 жыл бойы сатып алыну туралы келісім шартқа қол қойылады.

Жобаны іске асыру барысында 200 гектар жер телімі Бәйдібек ауданы әкімшілігінен бөлінді. Қаржыландыру мәселесі Корей елі тарапынан асырылады.

KK-Kiunsen компаниясы Қазақстанда күн электр станциясы жобасын жүзеге асырғалы жатыр, сонымен қатар, шағын жел электр станцияларына арналған құрылғыларын өндіретін зауытын салуды жоспарлауда.

Форумда Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов сөз сөйлеп, – «Құрылатын станция 10 мегаваттық болады. Болашақта оның көлемін ұлғайу мәселесі бар. Тұтынатын Түркістан облысының аймақтары болып есептеледі»,- деді.

Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі