Ресейде бес қазақстандық қаза болды

237

Орынбор облысында жол апатынан бес қазақстандық көз жұмды, екеуі жарақат алды. Ресейде шекаралас аймақта Қазақстан азаматтары жол апатына ұшырады, деп sputniknews.kz  ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты бейсенбі, 28 қарашада сағат 13.00 шамасында Орынбор облысындағы Елшанка ауылының маңында болған.

Орынбор – Соль-Илецк автожолының 52-ші шақырымында MAN жүк көлігі мен Volkswagen Sharan соқтығысты, жеңіл көлікте жеті Қазақстан азаматы болған.

Апат салдарынан оқиға орнында бес адам қаза болды, екеуі Соль-Илецк ауруханасына жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза болғандардың үшеуі Ақтөбе облысының, екеуі Қызылорда облысының тұрғыны

l