Қайта өңдеуде қаржының қайтарымы бар

348
Фото Қуаныш Әуелбеков

Жетісай ауданында мақтаны терең өңдеу саласына 16 жылдан бері сүбелі үлес қосып келе жатқан Ж. Ералиев ауыл округі Арай ауылындағы «Айбек» шаруа қожалығы биылғы жылды табысты аяқтады.

Бүгінде аталған қожалықтың цехында 10-ға жуық қондырғы жұмыс істеп тұр. Онда 16 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорынның жылдық табысы шамамен 13-14 млн теңгені құрайды. Мақтаны терең өңдеуге аса мән берген шағын кәсіпорын 3-4 жылдан бері төсек жабдықтарын да даярлау ісімен айналысып келеді.

«Қазіргі таңда біз мақтаның 3-4-ші терімдерінің бір келісін 120-130 теңгеден қабылдап жатырмыз. Мәселен 3 тонна нашар мақтадан 1 тоннаға жуық талшық шығаруға болады. 1 тонна таза талшықтың құны – 370 теңге. Сондай-ақ, одан 1 тонна 600 келі шит аламыз. Бұдан бөлек, 160 келі қара май сығындысы мен малға жем яғни шрот шығаруға болады. Бір тонна шроттың құны қара базарда 80 мың теңгені құрайды.

Мақтаны қайта өңдеудің пайдасы қарапайым тілмен айтқанда осындайү Жылына орта есеппен 400 тоннаға жуық мақтаны қайта өңдеуден өткіземіз», – дейді «Айбек» шаруа қожалығының төрағасы Лесбек Кенжебеков.

Аталған қожалықтың өнімдеріне сұраныс көп. Негізгі өндірілген өнім тұрлері жақын шетелдер мен ішкі нарықта саудаланады. Қожалық иелігінде 29 гектар егістік жер бар. Оның 4 гектарына жүзім егілсе, қалғанына жылда «ақ алтын» дәні себіледі. Қайта өңдеуге қажетті негізгі шикізат – мақтаның басым бөлігі жергілікті шаруалардан сатып алынады.

Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызмет