Үйді «жын шайтандардан» тазартудың соңы өртке ұласты

156

Шымкенттегі А.Асқаров көшесіндегі жатақханада өрт оқиғасы орын алды. Куәгерлер 85 жастағы қария тұратын бөлмеден түтін шығып жатқанын байқаған.

Көршілер тез арада өрт сөндірушілерге қоңырау шалған. Зейнеткер пәтеріндегі «жын шайтандарды» кішігірім от тұтандырып «қумақ» болыпты. Оның соңы өртке ұласқан.
Көршілерінің айтуынша қарт әжей психоневрологиялық диспансерде есепте тұрады екен. Өрт сөндірушілерден бөлек жедел жәрдем қызметі де жедел жетті.

Медқызметкерлер әжейге алғашқы көмек көрсетті. Соңынан әжейді арнайы емханаға алып кетті.

Тілсіз жау 1 шаршы метр аумақты шарпыған. Шкаф өртке оранған. Соның салдарынан пәтер ішін түтін тұмшалаған. Оқиға орнында тексеру жұмыстары жүргізілуде.