Шымкентте мектептің жанында оқушыны көлік қағып кетті

393

Күні кеше Шымкенттегі №7 мектептің жанында «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде оқушыны қағып кетті. Оқыс оқиға Республика даңғылының бойында түскі уақытта орын алған. Мектептке кетіп бара жатқан баланы кенеттен шетелдік автокөлік жолға шығып кетіп, оқушыны соғып кеткен.

Бала аман қалды, жазатайым оқиға орнында дәрігерлер оған алғашқы көмек көрсетті. Жедел жәрдеммен бала ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Полицейлер апаттың барлық жағдайларын тексеру үстінде.

Ернар Балабеков