Кентаудағы жылу энергоорталығын жаңалау үшін 10 млрд теңге қажет

203

Кентаудағы жылу энергоорталығын жаңалау үшін 10 млрд. теңге қажет. Облыс орталығы Түркістан қаласында өткен Үкіметтің кеңесінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласындағы тозығы жеткен жылу қазандығының орнына жаңа жылу орталығын салу қажеттігін атап өтті.

Көпқабатты үйлердің тұрғындарын жылумен қамтуда алдағы уақытта күрделіктер болмас үшін өңір басшысы жобаны жүзеге асыру үшін Үкіметтен 10 млрд. теңге қаржы сұрады.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Үкімет Кеңесінің отырысында Кентаудағы жылу орталығына қаржы сұрады

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі: «1934 жылы салынған ТЭЦ-5 1958 жылдан бері жөндеу көрмеген. Пайдалану мерзімі де өтіп кетті. 60 мың тұрғынды сапалы жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ету үшін үкіметтен 8 млрд, ал қалған 2 млрдты облыс бюджетінен бөлеміз».

Кеңес отырысына төрағалық еткен ҚР Премьер -министр Асқар Мамин  мәселе қаралатынын атап өтті.

Шынар Оразова