Тоқаев: «Мен Елбасының ісін жалғастырамын»

149

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Түркістанға табан тіреді. Бүгінде құрылысы қайнап жатқан киелі шаһардағы бірнеше нысанды аралап, жұмысымен танысып шыққан соң Түркістан облысының атқарушы орган басшыларымен, ардагерлер және зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы өңірді өркендету, оның орталығы – Түркістан қаласын дамыту мәселесін қаузап, әкімдікке бірқатар тапсырма берді.

Мемлекет басшысы «Н.Назарбаевтың стратегиялық жоспары елді дамуға бастайды. Қазір әлем болашағы бұлыңғыр. Ұйықтап қалмау керек. Әлем халықтары дағдарысты бастан кешіруде. Қоғамда әділеттілік басты назарда болуы керек. Әділеттілікті атқаруды билік орнатуы тиіс. Сот, прокуратура ең алдымен азаматтар құқын қорғауы тиіс» деді.

Мақпал Рысбаева